Жер шарын велосипедпен шарлауға шыққан шетелдік саяхатшы Ақтауда қиын жағдайға тап болды

Велосипед, шетелдік саяхатшы, Ақтау, полиция, көмек , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2026 11:46 Сурет: pixabay
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау – Қаламқас автожолының 55-шақырымында жол бойында көмекке мұқтаж азаматты байқап, оған жедел түрде қолдау көрсетті. Анықталғандай, Венгрия азаматы велосипедпен халықаралық саяхатқа шыққан екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сапарын Мажарстаннан бастап, Қырғыз елі арқылы Қазақстанға келіп, әрі қарай Қытайға бет алмақ болған.


"Ақтау қаласынан шыққаннан кейін велосаяхатшы жолда қиын жағдайға тап болып, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмай қалған.Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік азаматтың қасына тоқтап, жағдайын сұрастырған. Оның көмекке мұқтаж екенін анықтаған соң, жолдан өтіп бара жатқан ГАЗель автокөлігін тоқтатып, велосаяхатшыны велосипедімен бірге көлікке отырғызып жіберді. Нәтижесінде азамат Ақтау қаласына қауіпсіз жетті". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Көрсетілген қамқорлық пен жедел әрекет үшін шетелдік турист патрульдік полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәулік бойы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: