Мұғалім шыңына шыққан ер адам қиын жағдайға тап болып, құтқарушылардан көмек сұрады

Жедел жәрдем, Алматы облысы, Мұғалім шыңы, ер адам, тау, құтқарушылар , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 19:15 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысының 112 қызметіне Қарасай ауданындағы Мұғалім шыңына шыққан 1999 жылғы ер адам хабарласып көмек сұраған. Ол қолын сындырып алып, таудан өздігінен төмен түсе алмай тұрғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тау жолымен өте алмауына байланысты жедел жәрдем бригадасының көлігі оқиға орнына жете алмаған. 

"Құтқарушылар зардап шеккен адамды төменге түсіріп, жедел жәрдем тобына табыстады. ТЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді", делінген 2025 жылғы 27 қазандағы хабарламада.

Бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен 10 туристке көмек көрсетілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: