Алматыда тау басында қалып кеткен ер адам құтқарылды
Сурет: pixabay
Бүгін, 21 қыркүйекте Алматы тауларында биікке шығып алып, өздігінен төменге түсе алмаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам таулы аймақтан өздігінен түсе алмаған және көмекке мұқтаж болған.
"Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3337 метр биіктікте Титов көлінің маңында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1991 жылғы ер адамға көмекке аттанды. ТЖМ РЖҚЖ күштерімен зардап шеккен азамат сәтті эвакуацияланды", делінген хабарламада.
Оған медициналық көмек қажет болмағаны да нақтыланады.
Бұған дейін Ақтөбеде жастар мінген көлік жардан ұшып кете жаздағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript