Алматы тауларында адасып кеткен 10 туристке көмек көрсетілді
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 26 қазанда Алматы облысының құтқарушылары Талғар ауданының тауларында адасып кеткен туристерге екі рет көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, бірінші жағдай Қотырбұлақ шатқалында орын алды, онда 17-18 жастағы алты студенттен тұратын топ таңертең тауға көтеріліп, қараңғы түскендіктен жолдан адасып, өз бетінше түсе алмай қалды.
Ал, төрт ересек адамнан құралған тау әуесқойларының екінші тобы Башут шыңынан түске кезде адасып кетті.
"Барлық 10 адам табылып, таудан елді мекенге дейін аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Астанадағы шаруашылық корпустардың бірінде алапат өрт тұтанғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript