Қостанай облысында қиын жағдайға тап болған 11 шетел азаматына көмек көрсетілді

Жол апаты, Қостанай облысы, шетел азаматы, көмек, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2025 11:28 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында полицейлер мен құтқарушылар айдала болған жол апатынан кейін шетелдіктерге жедел көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурызда таңертең Рудный-Қашар-Федоров тас жолында кішігірім жол апаты орын алды. Екі көлік — Hyundai және минивэн жол жиегінен шығып кетті.

"Салонда шет мемлекеттердің 11 азаматы, оның ішінде бір бала болды. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен екі көлік те жолдан шығып қалған. Ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жедел жетті. Жедел қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында автокөліктер жолға шығарылып, жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді", делінген полиция хабарламасында.

Жол апаты, Қостанай облысы, шетел азаматы, көмек, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2025 11:28

Сурет: polisia.kz

Жол-көлік оқиғаларының барлық қатысушылары оларды құтқарған азаматтарға кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыстарын білдіріп, содан кейін өз бағыттарын жалғастырғаны да нақтыланады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 33 шетелдік эвакуацияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: