Алматы облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге көмектесті

Алматы облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 21:53 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ ауданында полицейлер жолда көліктері бұзылып, жолдан жаңылған шетел азаматтарына көмек көрсетті.

Тәртіп сақшылары қонақтарға жол сілтеп қана қоймай, істен шыққан көлікті техникалық қызмет көрсету орталығына жеткізуге де жәрдемдескен.

"Бұл жағдай полицияның басты міндеті – азаматтардың жанынан табылып, дер кезінде көмек көрсету екенінің айқын дәлелі. Шетелдік қонақтар тәртіп сақшыларына кәсібилігі мен жанашырлығы үшін алғыс білдірді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында полиция адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапқанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: