Жетісу облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер анықталды

Фото: pexels
Жетісу облысында "Жалған нөмір" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 854 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

2026 жылғы 10-14 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында "Жалған нөмір" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Жетісу облысы полиция қызметкерлері 854 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде:

Мәселен, Ақын Сара көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 22 жастағы жүргізуші басқарған Kia K5 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарғаны анықталды.

Сонымен қатар аталған азаматтың бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану, көлік құралын басқару құқығынсыз басқару, сондай-ақ Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста