ШҚО-да заңсыз алкоголь саудасына тосқауыл қойылды

Фото: pexels
Өскеменде заңсыз айналымнан 436 алкоголь өнімі тәркіленді.

"Алкогольсіз ауыл" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы сауда орындарының бірінде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады.

Жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін саудалағаны белгілі болды.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан жалпы саны 436 дана алкоголь өнімі тәркіленді. Оның ішінде 254 бөтелке күшті алкогольдік ішімдік және 182 дана сыра өнімі бар.

Тәркіленген өнімдердің барлығы заттай дәлелдеме ретінде танылып, процессуалдық шешім қабылданғанға дейін жауапты сақтауға қойылды. Қазіргі уақытта алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды