Алматының орталығында бірден үш нысан сүрілді

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары талқандалды. Бұл туралы ақпаратпен 2026 жылғы 24 маусымда оңтүстік астана әкімдігінің қала құрылысын бақылау басқармасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Достық даңғылы, 170/1 мекенжайында орналасқан заңсыз сауда нысандары сүрілді.

"Жоспардан тыс тексеру барысында аталған аумақта қажетті рұқсатсыз бір қабатты үш нысанның құрылысы жүргізілгені анықталды.Тексеру қорытындысы бойынша меншік иесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату, анықталған заңбұзушылықтарды жою және жер телімін бастапқы қалпына келтіру жөнінде нұсқама берілді". Алматы әкімдігінің Қала құрылысын бақылау басқармасы

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қазіргі уақытта өз бетінше салынған нысандар меншік иесінің күшімен толықтай сүрілді". Алматы әкімдігінің Қала құрылысын бақылау басқармасы

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Бұған дейін Алматыда Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүрілген болатын.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз