Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүрілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 16:09 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүрілді.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның меншік иесі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптама қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салынғаны анықталды.

Аталған заңбұзушылықтарға байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Нұсқама талаптарын орындау мақсатында қазіргі уақытта заңсыз салынған нысан меншік иесінің күшімен толықтай бұзылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: