Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Достық даңғылы, 42/74 мекенжайында орналасқан "Мята" барының жазғы террасасы сот шешімімен сүрілді.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанда рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданылып, іс сотта қаралды.
2026 жылы 11 ақпанда Алматы қалалық сотының ұйғарымымен нысанды бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз күшімен бұзды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript