Талапкерлерді 28 млн теңгеге алдаған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды

Фото: pexels
Интернет арқылы талапкерлерді алдап, 28 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінген қазақстандық Албаниядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары интернет ресурстары арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау және жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіру қызметін көрсететіні туралы жалған ақпарат таратқан.

Осының салдарынан 32 азамат алаяқтың құрбаны болып, жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Қазақстаннан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

"2025 жылдың мамыр айында ол Албания аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Күдіктіге тағылған айыптар дәлелденген жағдайда, оған мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылғы 26 маусымда, Қырғызстаннан жәбірленушілер мен екінші деңгейлі банктердің қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген қазақстандықтың экстрадицияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді