"Әкім қазір келеді!": Алматыда арандатушылық видео түсірген ер адам 15 тәулікке қамалды

Фото: pexels
Алматының 36 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аудармақ болғанымен, шектен шығып кеткен. Соның салдарынан ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Видеоны әсерлі ету үшін ер адам кадрда қаладағы құрылыс жұмыстарына тексеріс жүргізуге әкім келетінін айтып, былапыт сөздер қолданған.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба көп ұзамай тек қолданушылардың ғана емес, полиция қызметкерлерінің де назарын аударды.

"Аталған азамат қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды заң шеңберінен шықпауға тағы бір мәрте шақырды.

"Интернетте танымал болуға ұмтылу заңға қайшы әрекеттерге сылтау бола алмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген іс-әрекетке құқықтық баға беріледі. Лайк пен қаралым жинау ниеті шынайы жауапкершілікке әкелуі мүмкін", – деп ескертті Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін интимдік бейнежазбаларды таратамын деп қорқытқан қазақстандықтың ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады