Шекарада 5 мыңнан астам заң бұзушы ұсталды: ҰҚК маусым айының қорытындысын жариялады

Фото: unsplash
2026 жылғы 1 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің маусым айындағы жұмысының қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, есепті кезеңде шекара аймағында Қазақстан заңнамасын бұзған 5281 адам ұсталған. Оның ішінде 4493-і – шетел азаматы.

Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1476 әрекетінің жолы кесілген.

Тәркіленгендердің қатарында:

Сонымен қатар Каспий теңізінің акваториясында 27 браконьерлік деректің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан ұзындығы 24,7 шақырым болатын браконьерлік аулау құралдары және жалпы салмағы 658 келі болатын 94 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Алдын алынған жалпы залал көлемі 285 млн теңгеден асты.

Өз құзыреті шегінде Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта олар бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ өндірісте 3526 әкімшілік іс бар. Олар бойынша жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қалған анықталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.

Еске салайық, 2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен полициямен бірлесіп қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан болатын. Тергеу мәліметіне сәйкес, топ мүшелері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне мемлекеттік шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсетуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды