Ақтөбеде белгіленбеген орындардағы заңсыз саудаға тосқауыл қойылуда

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласында белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілерінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатында кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Рейд барысында қала көшелері мен тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындар тексеріліп, рұқсат етілмеген жерлерде қарбыз-қауын, дайын тағамдар және кәуап өнімдерін сату деректері анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

1 мамырдан бері Ақтөбе қаласында белгіленбеген орындарда сауда жасауға қатысты 47 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Полиция мұндай заңсыз сауда қоғамдық орындардың санитариялық жағдайына кері әсер етіп қана қоймай, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.

Себебі рұқсат етілмеген орындарда сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді, сондай-ақ олардың шығу тегі мен сақталу талаптары тиісті бақылаудан өтпейді.

Полиция қызметкерлері тұрғындар мен кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға және сауда қызметін тек жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы сауда орындарында жүзеге асыруға шақырады. Заңсыз сауданың жолын кесуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Қазақстан
Ақтөбе
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін