Халықты құлақтандыру жүйесіне қатысты жаңа талаптар күшіне енді

Фото: pexels
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру және халықты құлақтандыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі құлақтандыру жүйесі мына санаттарға ескерту сигналдары мен ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді:

Сонымен қатар құлақтандыру жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін республикалық деңгейдегі жүйенің дайындығы жылына кемінде бір рет, ал Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйелері тоқсанына кемінде бір рет тексерілетіні нақтыланды.

Тексеру барысында "Баршаның назарына!" бірыңғай дабыл сигналы беріледі. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық хабарламалар таратылады және ұялы байланыс операторларының желілері арқылы, оның ішінде Cell Broadcast технологиясының көмегімен халықтың мобильді телефондарына мәтіндік хабарламалар жіберіледі.

Бұдан бөлек, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізу және азаматтық қорғау оқу-жаттығуларын өткізу кезінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы береді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін