Жаркентте нөсерден кейін өзен суы көтеріліп, екі жасөспірім қауіпке тап болды

Сурет: pexels
Жетісу облысының Жаркент қаласында тұрғындар мен Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды. Құтқару операциясының видеосын ТЖД баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Жаркентте нөсер жауыннан кейін Өсек өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілген.

"Соның салдарынан екі жасөспірім көпір астында жағалаудан оқшауланып қалып, өздігінен шыға алмай қалған", – делінген 2026 жылғы 10 шілдеде жарияланған ТЖД хабарламасында.

Өзеннің арнасынан өз бетімен шығуға еш мүмкіндігі болмаған жасөспірімдерге Панфилов ауданы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Қайырбек Әділ, сондай-ақ Жаркент тұрғындары Азимбек Шолақов, Танатар Сатыбалды және Александр Водопьянов жедел көмекке келген.

Олардың үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында жасөспірімдер қауіпсіз жерге шығарылды.

Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.

Еске салайық, 2026 жылдың маусым айының соңында Қазақстан азаматтары Қырғызстанда қатты ағыс алып кеткен баланы іздеу жұмыстарына белсенді түрде атсалысқан болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді