Маңғыстаудағы түнгі жанжал адам өліміне ұласуға шақ қалды: екі адам ауыр жараланды

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында қарулы жанжал болып, салдарынан екі ер адам ауыр жарақат алды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 9 шілдеде Ақшұқыр ауылында оқ жарақатын алған екі жас жігіт ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оқиғаның мән-жайын алдын ала анықтап, жанжалға қатысқан күдіктілерді ұстады.


"Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаза тапқандар жоқ", – деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін, 8 шілдеде, Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде келушілер арасындағы сөзге келіспеушілік қайғылы жағдайға ұласуға шақ қалған еді. Жанжал барысында ер адамдардың бірі қарсыласының бетіне дабыл беру құрылғысынан оқ атқан болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады