Алматыда жанжал кезінде ер адам мойнынан пышақ жарақатын алды

Фото: pixabay
Алматыдағы барлардың бірінде болған отырыс пышақтасумен аяқталды. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 10 шілдеде қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған жанжал салдарынан 45 жастағы ер адам мойнынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған.

"Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған жанжал салдарынан жасалған. Медеу аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол – 32 жастағы ер адам. Қылмыс құралы ретінде пайдаланылды деген пышақ тәркіленді", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда туған күнді тойлау кезінде де ер адам пышақ жарақатын алған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы