Атырауда полицейлер мен еріктілер есірткіге қатысты граффити жазуларын жойды

Фото: Zakon.kz
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Жас қорғау" қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, есірткі құралдарын жарнамалайтын интернет-ресурстарға сілтемелері бар граффити жазуларын жою мақсатында кезекті рейд өткізді.

Рейд барысында Жилгородок шағынауданы мен қала орталығындағы ғимараттардың қабырғаларына салынған заңсыз жазулар өшірілді.

Жыл басынан бері Атырау қаласында осындай 70-тен астам граффити жазуы жойылды. Полицейлер есірткіні насихаттайтын немесе оны таратуға бағытталған жазуларды салу заңмен тыйым салынғанын және мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Құрметті тұрғындар! Егер есірткіге қатысты граффити жазуларын байқасаңыз, 102 арнасына немесе 98-21-55 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Мұндай рейдтердің басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру және тұрғындарды құқық бұзушылықтарға қарсы күреске белсенді тарту.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды