Ақтөбеде әйелді пышақтап өлтірді

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 11:15 Фото: pixabay
Ақтөбеде әйелді пышақтап өлтірді. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция күдіктіні ұстағанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Қылмыс сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Араларында жанжал туындап, ер адам әйелді пышақтаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды", – деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров 2026 жылғы 13 қазанда.

Оның айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстың себептері мен күдіктінің мұндай әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Серік Шалқаров ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін айтты.

Бұған дейін, 2026 жылғы 12 қазанда Алматыда ер адамның пәтеріне бола өлтірілгені белгілі болды. Полицияның мәліметінше, тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге ықтимал қатысы анықталған. Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: