Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтіріп, бір әйелді кепілде ұстаған күдіктінің ісі сотқа жолданды

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 10:17 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде қос зейнеткерді пышақтап өлтіріп, бір әйелді кепілде ұстаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан тура төрт ай бұрын қырық жастағы еркектің қылығы ақтөбеліктерді қатты шошытқан. Ол таныс келіншектің үйінде жанжал шығарып, 67 жастағы анасы мен 70-тен асқан өгей әкесін жертөлеге қамайды. Онымен қоймай, қарттарды ұрып-соғып, ақыры пышақтап өлтірген. Ал әйелді үш сағаттан аса кепілдікте ұстап, денесін тілгілеп тастаған. Келіншек ауруханада ұзақ уақыт емделіп, жаны аман қалды.

КТК телеарнасының мәліметінше, енді күдікті осы қылмысы үшін сот алдында жауап береді. Оған ауыр айып тағылды.

"Тергеуде күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені, ал жәбірленушіні бостандығынан заңсыз айырып ұстағаны анықталды. Екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды. Сотта мемлекеттік айыптауды процестік прокурор қолдайтын болады". Әсел Мәлікова, Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма прокуроры

Бұған дейін Шымкенттегі сот орындаушыларынан лицензиялар қайтарып алынғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: