Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде скутер мінген зейнеткер бір әйелді қағып, қашып кетті

скутер Сурет: видео скрині
Ақтөбеде скутердегі зейнеткер бір әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 маусым Сәңкібай батыр даңғылында скутердегі ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасынан кейін скутердің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы зейнеткерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз