Алматыда велосипедші зейнеткер әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен

Велодорожка, велодорожки, велосипедная дорожка, велосипедные дорожки, велосипед, велосипеды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 20:40 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің маңында велосипедші зейнеткер әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әйелге алғашқы көмекті оқиға орнында өтіп бара жатқан адамдар көрсеткен.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі редакцияның сауалына берген жауабында велосипедшінің жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта оқиға орнынан қашып кеткен азаматтың жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: