Шымкенттегі сот орындаушыларынан лицензиялар қайтарып алынды

Шымкентте бұзушылық жасаған 5 жеке сот орындаушысы лицензиядан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкентте 148 сот орындаушысы заңды бұзған. Оларға қатысты 160-тан астам тәртіптік іс қозғалған. "Жетінші арнаның" жазуынша, сот орындаушылардың шамамен 90% жұмысында бұзушылық анықталған.
Өткен жылы кәсіпкерлер жеке сот орындаушыларға қарсы 74 әкімшілік талап арыз берген. Бизнес өкілдері көбіне өкілеттіктерін асыра пайдалану, қарыз сомасынан асатын қаржыны өндіріп алу, шетелге шығуға тыйым салу бойынша шағымданған. Жалпы өткен жылы жеке сот орындаушыларға қатысты Әділет департаментіне 5 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті. Көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғандар әлдеқайда өскен.
"5 мыңнан астам арызды қарап жатқан кезде 163 факт бойынша 148 сот орындаушының қызметіне қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Бұл заңбұзушылықтардың көбі – сот орындаушылар өз тарапынан қабылдау керек шаралардың толықтығын қамтамасыз етпегені". Айнұр Исабекова, Әділет Департаментінің басшысы:
Бұған дейін Алматы тауларында Вьетнамнан келген турист жоғалып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript