Алматы тауларында Вьетнамнан келген турист жоғалып кеткен

12 мамырда күндіз ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Вьетнам азаматын іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Бостандық ауданының тауларына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство ұсынған мәліметтер бойынша, турист теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте тауға көтеріліп, адасып кеткен.
"Құтқарушылар Үлкен Алматы көлі ауданына Шүкір асуы бағытына қарай 5 шақырым жүріп өтіп, адасқан туристі тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
Құтқарушылардың кәсібилігі мен қамқорлығына турист дән риза болды.
"ҚР ТЖМ құтқарушыларына алғысым шексіз. Мен өте ризамын", - деп ол шынайы алғыс сөздерін білдірді.
Бұған дейін Қостанай облысында Қазақстанды көлікпен араламақ болған шетелдік турист батпаққа батып қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript