Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 16 шілдеге қараған түні Алматы қаласында Сүйінбай даңғылында, Кожедуб көшесіне жетпей, Toyota Caldina мен Lada Granta автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Caldina жүргізушісінің айтуынша, ол Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жол бойындағы автотұраққа кіру үшін оңға бұрылмақ болған. Аталған учаскеде қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ бар. Жүргізуші бұрылатын жерге жақындағанда артқы көрініс айнасына қарап, артынан ешқандай көлік келе жатпағанына көз жеткізген соң бұрылуды бастаған.

Сурет: Zakon.kz

Алайда арада бірнеше секунд өткенде қатты соқтығыс болған. Қоғамдық көлікке арналған жолақпен келе жатқан Lada Granta бұрылып бара жатқан Toyota Caldina көлігінің бүйірінен келіп соққан. Соққының күшінен Toyota Caldina қайтадан жолдың ортаңғы жолағына ығысып кеткен. Ал Lada Granta жолдан шығып кетіп, алдымен жаяу жүргіншілер жолымен, кейін көгалдың үстімен жүріп өтіп, ақыры ағашқа соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігіндегі үш адам – жүргізуші және екі жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің бірі кәмелетке толмаған бала. Ол артқы орындықта отырған. Ағашқа қатты соғылған сәтте соққының екпінімен көліктің алдыңғы бөлігіне қарай ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Денесінің бірнеше жері сынған бала балалар ауруханасына жеткізілді. Ал жүргізуші мен екінші жолаушы №4 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізді.

Бұған дейін Талдықорғанда мас жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін