Талдықорғанда мас жүргізуші ұсталды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 14:14 Фото: pexels
Талдықорғанда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқару деректерін анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті оқиға облыс орталығында тіркелді. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген көлік жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру барысында көлікті Алматы қаласының 48 жастағы тұрғыны басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы жауапкершілікті арттыруға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: