Қостанай облысында мас жүргізуші полицейлерді алдамақ болды
Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Қарашаның 25-і күні Тобыл қаласының патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылы көлік жүргізу құқығығынан айырылған "Мерседес" көлігінің жүргізушісін мас күйінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқтағаннан кейін 34 жастағы жүргізуші алдыңғы орындыққа отырып, жолаушы екенін айтқан. Көлікте өзінен басқа тірі жан жоқ екеніне "жолаушы" қымсына қоймаған.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік айып тұрағына жеткізілді. Сол күні Қостанай аудандық соты жүргізушіні 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript