Ақтөбе облысында мас жүргізуші осымен екінші мәрте полицейлердің назарына ілікті

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 12:37 Фото: unsplash
9 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері Geely автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 41 жастағы жүргізушінің бұған дейін көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Хромтау қаласындағы Абай даңғылында болған. Белгілі болғандай, медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның қайтадан алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Көлік басқару құқығынан айырылу – уақытша үзіліс емес, заң талабын орындау міндеті. Ал алкоголь ішіп алып рөлге отыру – ауыр салдарға әкелуі мүмкін",- деп ескетті полицейлер.

Бұған дейін Алматыда рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жүк көлігінің астына кіріп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: