Қылмыс жасаған азамат жылдар бойы жасырынып келген, алайда полициядағы бір ғана дерек істің мән-жайын ашты

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының полицейлері сегіз жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПД мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы Меркі ауданындағы автожолда белгісіз ер адам әйелге қарақшылық шабуыл жасаған.

Ол күш қолданып, жәбірленушіні соққыға жығып, алтын әшекейлерін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

"Оқиғадан кейін бірден полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының толық кешенін жүргізді. Жәбірленушінің сипаттамасы негізінде күдіктінің фотороботы жасалғанымен, сол кезде оның жеке басын анықтау мүмкін болмады. Соған қарамастан, қылмыстық іс бойынша жұмыс тоқтатылған жоқ",- делінген құзырлы орган мәліметінде.

Сегіз жылдан кейін ашылмаған қылмыстардың материалдарын зерделеу барысында полиция қызметкерлерінің бірі фотороботқа назар аударып, ондағы адамды бұрын көргенін таныған.

Бұл мәлімет одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының басталуына негіз болды.

"Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері 41 жастағы күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстады". Жамбыл облысы ПД

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігімен ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Астанада полиция алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні құрықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ