Талдықорған маңында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісі тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері табиғатты қорғау прокуратурасы, Талдықорған қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп Балықты өзенінің жағалауында рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында полицейлер құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру және тиеу фактісін анықтады. Оқиға орнында табиғи материалды заңсыз тиеуге қолданылған трактор мен екі жүк көлігі анықталды. Трактор арнайы тұраққа қойылды.

Аталған факт бойынша қажетті материалдар жинақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Жетісу облысы бойынша экология департаментіне жолданады.

"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысының полициясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың жолын кесу, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

"Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізген Елеусіз Бұйриннің туғанына 150 жыл толды