Есірткілік масаң күйде болған ер адам үйін кішігірім нарколабораторияға айналдырған

Фото: pexels
Ақтөбе облысында үйдегі есірткі зертханасы жойылды. Белгілі болғандай, үй иесінен қарасора бұталары, есірткі заттары мен қару тәркіленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірдегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство дерегінше, Темір ауданының 49 жастағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты жеріне тінту жүргізген. Үй ауласынан полицейлер өсіп тұрған қарасорасы бар екі құмыраны анықтап, тәркіледі.

Сонымен қатар монша мен шаруашылық құрылыстарынан өсімдік тектес зат салынған бірнеше түйіншек табылып, тәркіленді. Аталған заттарға тиісті сот сараптамасы тағайындалды.

"Сондай-ақ тінту барысында үйден спорттық револьвер мен арбалет тәркіленді. Оларды сақтау заңдылығы тексерілуде". Ақтөбе облысы Полиция департаменті

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам каннабиноидтерді қолданудан туындаған есірткілік масаң күйде болған.

Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде",- деп мәлімдеді полицейлер.


Бұған дейін Талдықорған маңында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісі тоқтатылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Есірткілік масаң күйде болған ер адам үйін кішігірім нарколабораторияға айналдырған

Бес баласы мен несиесі болса да: 18 жастағы қазақстандық қыз әкесін сот арқылы алимент төлеуге міндеттетті