Грузияда ауырсынуды басатын дәрімен ұсталған қазақстандық 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін

Фото: pexels
Ауырсынуды басатын дәрі үшін Грузияда ұсталған Қазақстан азаматы әлі қамауда отыр. Биліктен көмек сұраған жұбайының айтуынша, омыртқасында төрт жарығы бар күйеуінің жағдайы қазір тіптен нашарлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының ақпарына сүйенсек, 44 жастағы Иван Чекулаев наурызда КамАЗ айдап шығып, 22 сәуірде Поти қаласында кедендегі тексеруде ұсталған.

Грузия құқық қорғау органдарының мәліметінше, "Тилидин" дәрісінің құрамында Грузия заңнамасы бойынша есірткі немесе психотроп затқа теңестірілетін компонент болған. Осыдан кейін жүргізуші портта бірден қамауға алыныпты. Жұбайы Юлияның айтуынша, оған тергеуші, кейін мелекеттік адвокат хабарласқан. Адвокат 9 мың доллар ақша берсе, күйеуін түрмеге 15 жылдың орнына 9 жылға қамайтынын айтыпты. Бірақ сұраған ақшаны бермеген Юлия, кейін өзі қорғаушы тапқан.

Қазір сот процесі әлі жалғасып жатыр. Ауырсынуды басатын дәріні Германияда дәрігерлер жазып берген. Осыны дәлелдеу үшін қазір рецепт жазған сол дәрігердің куәгерлігі қажет. Бірақ, ол табылмай жатқан көрінеді.

"Қолда бар мәліметке сәйкес, аталған азаматқа қатысты Грузия Қылмыстық кодексі 262-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған бапқа сәйкес, есірткі құралдарын немесе психотроп заттарды өткізу мақсатсыз, заңсыз сақтау немесе тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазақстанның Грузиядағы дипломаттары өз құзыреті шеңберінде отандасымызға қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында". ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі:

Бұған дейін есірткілік масаң күйде болған ер адам үйін кішігірім нарколабораторияға айналдырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін