Сөзге келіп, санаулы секундта төбелескен: Алматыда Mercedes жүргізушісі ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматыда екі жүргізушінің арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, Алматы полиция департаменті қызметкерлерінің назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұзақылық дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Kia Rio және Mercedes көліктерінің жүргізушілері арасында сөзге келіспеушілік туындағаны анықталды. Жанжал кезінде Mercedes көлігін басқарған 41 жастағы ер адам 30 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған. Күдікті ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 21 тамызда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріліп, ол Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

"Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сабыр сақтауға және көлік жүргізу кезінде агрессияға жол бермеуге шақырады. Кез келген жанжалды төбелес пен қылмыстық жауапкершілікке жеткізбей, сөзбен шешуге болады", – деп ескертті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда жолаушылардың көзінше автобуста басталған төбелестің пышақтасуға ұласа жаздағаны хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеоға полиция назар аударды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады