Қазақстандық блогер Дональд Трамптың ұлымен бірге қауіпті жағдайға тап болды

Сурет: Instagram/bydastan.kz
Танымал қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим Моңғолияда АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен бірге тауға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы блогер 2026 жылғы 8 қыркүйекте Instagram-да жариялаған видеосында айтып берді. Кадрларда олар тауда отырғаны, кейін кезек-кезек өзеннен өтіп жатқаны көрінеді.

Белгілі болғандай, олар жолдан адасып, өзеннен де өте алмай, таудан да аса алмай қалған.

"Мұндай жағдайды Голливуд фильмдерінен жиі көре бермейсіз. Бірақ өмірде болуы әбден мүмкін. Мысалы, Трамптың ұлымен бірге тауда аң аулап жүріп, өзеннен де өте алмай, таудан да аса алмай қалуыңыз мүмкін. Дайын фильм сюжеті ғой. Бірақ алаңдамаңыздар, бәрі жақсы: Құдайға шүкір, ақыры өзеннен өттік. Мен сіздерге бұл видеоны өзім түсірдім десем сенер ме едіңіздер? Ал оны Трамптың ұлының өзі түсірген", – деді Дастан Мұхамедрахим.

Оның айтуынша, Дональд Трамптың ұлы Моңғолияға іскерлік мақсатпен алғаш рет келіп отырған жоқ. Қазақстандық блогер де осы сапар аясында қонақ ретінде шақырылған. Оның сөзінше, олар тауда киіз үйлерде үш күн бірге тұрған, бір дастарқанда тамақтанып, ортақ видео түсірген.

Кездесу барысында блогер Дональд Трамптың ұлына қазақтың шапаны мен тымағын сыйлаған.

Қазақстандық блогер мұндай кездесулерді саясаттандырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл – Қазақстанды халықаралық қауымдастыққа танытудың бір жолы.

Дастан Мұхамедрахим әлем жұртшылығына кеңінен танымал. Ол Қазақстан мен әлемнің түрлі елдері туралы әсерлі видеолар түсіреді. 2026 жылдың көктемінде Дастан WIBA Awards 2026 халықаралық беделді сыйлығының "Әлемдегі үздік тревел-блогер" номинациясында жеңімпаз атанды.

АҚШ
Қазақстан
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды