ДНҚ тестіне қатысты дау: Конституциялық Сот қазақстандық әйелдің өтінішін қарады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Отбасында ешқандай дау болмаса да, сот баланы жұбайы асырап алған кезде ДНҚ сараптамасын талап ете алады. Бұл талапқа қарсылық білдірген қазақстандық әйелдің өтінішін Конституциялық Сот қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іске соттың әйелден молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысын ұсынуды талап етуі себеп болған.

Өтініш иесі ерлі-зайыптылар арасында ешқандай дау болмаған жағдайда генетикалық тексеру жүргізуді талап ету оның жеке және отбасылық өміріне қол сұғу деп есептеген. Сондай-ақ бұл талап баланың мүддесіне қайшы келеді деп санайды.

Алайда Конституциялық Сот баланың құқығын қорғау жағын қолдап, туыстық байланысты медициналық жолмен растаудың маңызын атап өтті.

"Бала асырап алу институты баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Ал сот ісін қарау барысында тағайындалған молекулалық-генетикалық сараптама әкесімен туыстық байланысты растауға мүмкіндік береді. Бұл сот шешімдерінің заңды әрі негізді болуын қамтамасыз етіп, баланың өз ата-анасын білу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді", – деп хабарлады Конституциялық Сот.

Соттың баспасөз қызметі нақты даулар бойынша фактілерді қарау және бағалау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейтінін де еске салды.

Бұған дейін осыған ұқсас заңнамалық нормалар тексеріліп, өтініш берушінің конституциялық құқықтарының бұзылғанын көрсететін белгілер анықталмаған. Осыған байланысты Конституциялық Сот өтінішті іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді