Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып, адам өлімі тіркелді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 қыркүйек күні кешке Петропавл қаласында қайғылы жол апаты орын алды. 38 жастағы жаяу жүргінші қаза болып, 41 жастағы мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news сайтының жазуынша, сағат 23:15 шамасында Назарбаев көшесінде Yamaha мотоциклін басқарған 41 жастағы жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан 38 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Ал мотоцикл жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

"Тексеру барысында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын, соның ішінде жол-көлік оқиғасына себеп болған жағдайлар мен факторларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Көкшетау қаласында да ауыр жол апаты болды. Жолда маршруттық автобус пен "ЗИЛ" жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам зардап шекті.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды