Кейбір жүргізушілер айыппұл төлеу жеңілдігінен айырылуы мүмкін – ІІМ мәселені Құрылтайда көтермек

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте кейбір жүргізушілерді айыппұлды жеңілдікпен төлеу құқығынан айыру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің орынбасары бұл мәселенің бұған дейін де көтерілгенін атап өтті.

"Мәжіліс жұмыс істеген кезде біз мынадай тәртіп ұсындық. Барлығымыз көлік жүргіземіз. Кез келген азамат жол ережесін байқамай бір, тіпті екі рет бұзуы мүмкін. Бірақ ережені жаппай бұзатын, айыппұл сомасы миллион теңгеден асатын адамдар да бар. Сондықтан белгілі бір шекті айқындауды ұсындық. Мысалы, бір жыл ішінде 10 немесе бес айыппұл болуы мүмкін", – деді Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, егер адам бір жылда жол ережесін 10 рет бұзса, оған қатысты қосымша шаралар қолдану қажет.

"Бұл мәселе бұған дейін талқыланды. Енді оны жаңа Құрылтайда қайта көтеруді жоспарлап отырмыз. Шекті көрсеткіш қанша болатыны және қандай құқық бұзушылықтар ескерілетіні әлі анықталады. Біздің ұстанымымыз шамамен осындай", – деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Игорь Лепеха ішкі істер органдарының зейнетақы жүйесіне енгізілуі мүмкін өзгерістер туралы пікір білдірген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана
Лепеха Игорь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды