Оқиға Потанин көшесінде болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері Давид Хасенов пен Артур Двинянин аумақты тексеріп жүріп, ағаштардың арасынан күмәнді ораманы байқаған. Олар бұл туралы әскери жасақ бастығына хабарлап, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылған.
"Патрульдеу кезінде аумақты, соның ішінде қараңғы әрі көзге бірден түсе бермейтін жерлерді мұқият тексереміз. Қалың ағаштардың жанынан өтіп бара жатқанда күдікті затты байқадым. Сыртқы түріне қарап, оның ішінде есірткіге ұқсас зат болуы мүмкін деп болжап, дереу әскери жасақ бастығына баяндадым", – деді қатардағы жауынгер Давид Хасенов.
Тексеру барысында қызыл, көк және қара түсті оқшаулағыш таспамен оралған 60-қа жуық түйіншек анықталды.
Түйіншектер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Олардың ішінде нақты қандай зат бар екені сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.