Алматыдағы экобекеттерде көліктерден балта, бита және телескопиялық таяқ табылды
Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматыдағы экологиялық бекеттерде көліктерді тексеру кезінде балта, бита және телескопиялық таяқ табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу ауданындағы "Нұра" бекетінде полиция қызметкерлері Subaru автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан жиналмалы телескопиялық таяқ табылды. Оқиға орнына жедел топ шақырылды.
Телескопиялық таяқ – жазылған кезде ұзаратын, соққы жасауға қолданылуы мүмкін жиналмалы құрал.
Ал "Көкжиек" бекетінде полицейлер басқа автокөліктің жүксалғышынан балта мен бита тапқан.
"Полицейлер жүргізушілердің бұл заттарды қандай мақсатпен алып жүргенін және олардың басқа құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын анықтайды. Екі дерек бойынша да іс жүргізу басталды", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы метросында жолаушыны тексеру қылмыстық тергеуге ұласқан еді. Полицейлерге бір ер адамның әрекеті күмәнді көрінген. Тексеру кезінде оның күртесінің қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған түйіншек табылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript