Астанада жолда дрифт жасаған BMW жүргізушісі жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Астанада қоғамдық жолда қауіпті маневр жасап, дрифт жасаған 21 жастағы BMW жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға шамамен сағат 21:50-де Қабанбай батыр және Сарайшық көшелерінің қиылысында болған.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзып, автокөлігін әдейі сырғанатқан жүргізушіні тоқтатқан. Оның әрекеті жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Жүргізуші қауіпті маневр жасағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қоғамдық жолдарда дрифт және басқа да қауіпті маневрлер жасауға болмайтынын еске салды. Мұндай әрекеттер жүргізушінің өзіне ғана емес, өзге жүргізушілерге, жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге де қауіп төндіреді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды