Алматыда қараусыз жүрген есекке пана табылды

Сурет: Threads/alaijey
Алматыда қала тұрғындарын әбігерге салған қараусыз есекті құтқаруға ниет білдірген жандар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 30 қыркүйекте кешке жануардың панажайға жеткізілгені белгілі болды.

"Есекті Zoohome панажайына алып кетті! Оларға көп рақмет! @zoohome_rezerv, сіздерге бас иеміз. Құтқару ісін ұйымдастырған көрші үйдің тұрғынына рақмет! Алаңдап, жазбаларды бөліскен және көмек ұсынған баршаңызға РАҚМЕТ!" – деп жазды Threads желісінде Алма есімді қолданушы.

Ол жариялаған видеода есектің адамның соңынан еріп, жүк көлігіне мініп жатқаны көрінеді.

Қала тұрғындары пікірлерде есектің аман-есен панажайға жеткізілгеніне қуанды. Алайда кейбірі жауапты қызметтердің екі күн бойы ешқандай шара қолданбағанына наразылық білдірді. Алматы тұрғындары осы екі күн ішінде жануардың қала көшелері мен жолдарында жүгіріп жүргенін көрген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды