Жамбыл облысында пойыз темір жолға шығып кеткен 70 қойды жапырып өтті

Сурет: gov.kz
Бүгін, 2 қазанда таңертең Жамбыл облысында "Жұма – Тамды" аралығында оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 бас қойды жапырып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша мал иесі, Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік полицейлері мал иелерін теміржолға жақын аумақта жануарларды бақылаусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

"Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 166 фактісі тіркелді. Оның 881-і үй жануарларының теміржолға шығуына байланысты болған", делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстау облысында бір отар қой жұмбақ жағдайда қырылып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін