Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның тәуелсіз Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуына, бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға, елдің ұзақмерзімді дамуына қосқан тарихи үлесін атап өтті.

Қазақстан Президенті Тәжікстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікті және одақтастықты нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекетаралық ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша қазақ-тәжік байланысын кеңейтудің маңызына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады