Оқиғаның мән-жайын 2026 жылғы 6 қазанда ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Тексерулердің бірінде уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген көрші мемлекеттің жеті азаматы анықталды. Олардың Қазақстанда уақытша тұруға құқық беретін құжаттары да болмаған. Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Оларға Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынды".
Шетелдік азаматтардың еңбегін пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзған жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон қызметі шетелдік азаматтардың Қазақстанда қажетті рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жұмыс істей алатынын еске салды.
Бұған дейін Қазақстанның көлік полициясы көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды күшейткені хабарланған болатын. 2026 жылдың басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 3 043 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 2 801 адам Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдерімен 837 құқық бұзушы елден шығарылды.