Астана прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам клиенттермен көлік сатып алу және жеткізу үшін алдын ала брондау шарттарын жасасқан.
Алайда сатып алушылардан алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал жәбірленушілерге ақша аударылғандай етіп көрсететін жалған банк түбіртектерін ұсынған.
Сотталушының әрекетінен алты адам зардап шеккен. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 128 млн теңгеден асқан.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот автосалонның бұрынғы директорын 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Ақшаны өндіріп алу туралы азаматтық талаптар толық қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген үш қазақстандықтың Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) елге қайтарылғаны туралы жазған едік.