Алматыда РФММ-нің ауруханаға түскен барлық оқушысы емделіп шықты

Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 58 оқушысы түгел емделіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 22 қазанда қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.


"Бүгінгі таңда Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің барлық оқушысы ем қабылдап, ауруханадан шығарылды. 2026 жылғы 12 қазаннан бері стационарға барлығы 58 бала жатқызылған. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді", – делінген хабарламада.

2026 жылғы 12 қазанда Алматыда РФММ оқушылары жедел ішек инфекциясының белгілерімен балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған еді. Кейін ауруханаға түскен балалар саны артқаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мектептің ас блогын тексеру барысында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталған. Инфекция көзін анықтау үшін су мен азық-түлік өнімдерінен сынамалар, беткейлерден шайындылар алынып, ас блогының қызметкерлері тексерілген. Мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр.

Алматы полициясы балалардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Менің жаңалығым осы еді". Димаш TikTok-та тікелей эфирде отыр

Армияда қандай өзгерістер болады: Тоқаев әскери реформа жоспарын мақұлдады

Дербес деректер тарап кетсе, өтемақыны қалай алуға болады