Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған екі адамның жазасы қатаңдатылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған екі адамға қатысты үкім қайта қаралды. Прокурорлар жаза тағайындау кезінде заңның дұрыс қолданылмағанын анықтап, нәтижесінде сотталғандардың жаза мерзімі ұлғайтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның 2026 жылғы 22 қазандағы мәліметінше, Алматының екі тұрғыны психотроптық заттардың аналогтарын дайындайтын жасырын зертхана ұйымдастырған. Үй-жайдан арнайы жабдықтар, таразылар, қаптама материалдары мен нұсқаулықтар табылған. Дайындалған заттың жалпы салмағы шамамен 3,9 келі болған.

"Қылмыс алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, дайындалған заттарды кейін сату мақсатында жасалған. Екі қатысушы да кінәлі деп танылып, біріне 8 жыл, екіншісіне 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған", – деп хабарлады қадағалау органы.

Ведомствоның түсіндіруінше, жаза Қылмыстық кодекстің 297-бабының жаңа редакциясындағы санкцияға сәйкес тағайындалған. Алайда бұл редакцияда есірткі дайындағаны үшін жауапкершілік көзделмеген. Өйткені 2025 жылдың басында есірткі мен оның аналогтарын өткізу мақсатында дайындау жеке 297-1-бапқа бөлінген.


"Егер жаңа заң сотталған адамның жағдайын жақсартпаса және жазаны мәні бойынша өзгертпесе, ол қолданылмайды. Мұндай жағдайда адам қылмыс жасалған кезде қолданыста болған заң бойынша сотталады. Сондықтан жаза Қылмыстық кодекстің 297-бабының қылмыс жасалған сәтте қолданыста болған редакциясына сәйкес тағайындалуға тиіс еді. Онда психотроптық заттардың аналогтарын дайындағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – деп түсіндірді Бас прокуратура.

Ведомствоның наразылығы бойынша іс кассациялық тәртіппен қайта қаралды. Сот бұрынғы сот актілерін өзгертіп, бір сотталғанға 10 жыл 6 ай, екіншісіне 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұған дейін Астанада Таиландтан екі чемоданға салынған, жалпы салмағы 4,7 келі каннабис сығындысын алып келген бойжеткен 16 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Менің жаңалығым осы еді". Димаш TikTok-та тікелей эфирде отыр

Армияда қандай өзгерістер болады: Тоқаев әскери реформа жоспарын мақұлдады

Дербес деректер тарап кетсе, өтемақыны қалай алуға болады