Түркиядағы зауытта жарылыс болып, 10 адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапты. Тағы 15 жұмысшы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

NEWS.am басылымының мәліметінше, құтқарушылар әлі де хабар-ошарсыз кеткен төрт қызметкерді іздестіріп жатыр.

Жарылыс 2026 жылғы 9 қарашада Алиага ауданындағы кәсіпорында болған. Биліктің алдын ала болжамы бойынша, балқытылған болатты құю кезінде аспалы кран үзіліп, электр пешіне құлаған. Содан кейін өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі қираған.

Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Іске төрт прокурор тартылған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы мен зардап шеккендердің түпкілікті саны анықталып жатыр.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады